Тараз қаласының әкімі болып Айтқазы Қарабалаев тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұраддин Рақай хабарлады.
Қарашаның ортасында Таразда ер адам мектептердің бірінде ауладағы дәретханаға сабақ кезінде сұранып шыққан 7 сынып оқушысын зорлаған. Бұл оқиғадан кейін мектептің бірнеше қызметкері және қала әкімі жұмыстан кетті. Полиция 38 жастағы ер адамның ұсталғанын, оның бұрын да зорлық қылмысымен сотталғанын хабарлады.
Қайрат Досаев Тараз қаласының әкімі болып биыл сәуірде ғана тағайындалған болатын. 22 қарашада мемлекет басшысы Тоқаевтың бұйрығымен Тараздағы трагедиялық оқиғадан кейін қала әкімін орнынан кеткен.
Айта кетейік, Айтқазы Қарабалев 1966 жылы туған. Әр жылдары Тараз қаласы мен облыс әкімдігінде түрлі қызмет атқарған. Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған. Талас және Жуалы аудандарын басқарған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы