Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев астана төрінде өтіп жатқан «Астана клубы» саяси форумының бесінші отырысында өзара араз ағайынды Оңтүстік және Солтүстік Кореяны ортақ мәмілеге келтірудің жолын ұсынды.
– Бізді Азия кеңістігіндегі милитаризация үрдісі, атап айтқанда Солтүстік Корея айналасындағы шиеленіс алаңдатады. Корей түбегіндегі дау-жанжалды шешудің бір жолын ғана көріп отырмын. Ол – БҰҰ жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қауіпсіздік шараларын жасап ұсынуы. Сонда Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламаға қол қойдырып, ядролық қарудан бас тартуға көндіруге болады, – деді Назарабев әлем сарапшыларының басқосуында.
Одан бөлек, Назарбаев Пхеньян мен Сеулдің татуластыру үшін кеңесетін алаң тақырыбын көтерді:
– Мұндай мәселелерді Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесте талқылауды ұсынамын, – деді ол.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 2020 жылға дейін төрағалық етіп жатқан Тәжікстан елі екенін естеріңізге саламыз. Кейбір тәуелсіз сарапшылар Назарбаевтың «БҰҰ да атсалысуы керек» деген уәжі онсыз да халықаралық дипломатиялық диалог процесіндегі Корея республикасы мен Корея Халықтық-Демократиялық Республикасының «алауыздық» тақырыбын нәтижесіз қайталау деп бағалайды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді