Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ КХДР зымыран сынағын қатаң айыптады. Бұл туралы Kyodo басылымы хабарлады.
Шығыс Азия саммитінде мәлімдеме жасаған Жапония үкіметінің басшысы Солтүстік Кореяның зымыран сынақтары Азия-Тынық мұхиты аймағының қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін айтты.
Былтыр қарашада АҚШ Солтүстік Кореядан жасырын зымыран базаларын тапқан. Сол уақытта он үш баллистикалық зымыран базаларының таулы аймақтарда орналасқандығы белгілі болып, оларды іске қосатын қондырғылар анықталмаған.
КХДР осыған дейін мамыр, шілде және тамызда сынақ жүргізіп, Жапон теңізіне қарай бірнеше мәрте зымыран ұшырған болатын. Тамыздың өзінде Пиоңяң 5 сынақты жүзеге асырған. Ресми Пиоңяң бұл сынақтарды Америка мен Оңтүстік Корея арасындағы бірлескен жаттығуға қарсылық есебінде жүргізіп отырғанын мәлімдеген. Өткен аптада Солтүстік Корея Жапонияға қарай кезекті мәрте зымыран ұшырған.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті