Ресейдің сыртқы істер министрлігі Жапония мен Ресей арасындағы Курил аралдары мәселесі бойынша келссөздер жүргізді деп хабарлайды РИА агенттігі. Ресейдің сыртқы істер министрі Игорь Моргуловтың мәлімдеуінше, оңтүстік Курил аралдарындағы жобалар тек ресейлік заңнамалар негізінде жасалған шарттар бойынша жүзеге аспақ.
Негізгі атқарылатын жұмыстар аралдың экономикалық әл-ауқатын дамытуға бағытталады деп отыр.
Моргулов: "Меніңше, бұл шешімдер Ресей мен Жапонияның стратегиялық қызығушылықтарын қанағаттандырады" - деп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая түсетіндігіне сенімді екендігін жеткізді.
Жапония да оңтүстік Курилдегі жерлерге иелік ете отырып жүзеге асыратын бірнеше жобалар жөнінде ұсыныс дайындап қойған. Бұл жайлы ашық отырыста жапон сыртқы істер министрінің орынбасары Такэо Акиба айтқан еді. Келісімдер екі тараптың да құқықтық позицияларын сақтап қана қоймай, сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында "Жапония біздің ортақ мақсатымызға барар жолда алғашқы болып шешім қабылдауды" қалайтындығын жеткізді.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр