Венесуэла тұрғындары ел президенті Николас Маудроның үндеуімен Уашингтон енгізген санкцияларға қарсылығын білдіру мақсатында петицияға қол қоя бастады.
Егер 1 миллионнан астам адам қол қойса, құжат БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке жолданбақ. Сонымен қатар, Венесуэла билігі АҚШ тарапының халықаралық құқық пен Женева конвенциясының ережелерін бұзбағанын анықтауға кіріскен.
8 тамызда Ақ үй басшысы Доанльд Трамп Венесуэлаға қарсы санкция енгізу туралы шешімді мақұлдаған. Санкция Венесуэламен байланыс орнатпақ болған америкалық компанияларға да қатысты. Ақ үй басшысының Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Джон Болтон мәлімдемесінде: «Енді өзге де шет мемлекеттер таңдау жасайды. Мадуроның заңсыз билігіне көмектесемін деп кәсіптеріне зиянын тигізіп алуы мүмкін. өзге елдер, компаниялар тек қана Құрама Штаттарымен немесе Венесуэламаен экономикалық байланыс орнатуы тиіс. Яғни басқа мемлекеттер алыс-беріс орнату мақсатында Уашингтонды немесе Каракасты таңдайды» – деген.
Қаулы бойынша Венесуэла билігінің шоты да бұғатталды. Бұл шектеу Венесуэланың «сенімді серіктестері» Ресей және Қытаймен байланысына нұқсан келтірген. Сол себепті Венесуэла БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришке көмек қолын созу туралы хат жолдаған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді