Азаматтық қоғамға «Біз биліктің қолындағы қуыршағына айналмауымыз керек» деп ескерткен «Ақиқат» ЖСДП партиясының төрағасы Ермұрат Бәпи мен митинг ұйымдастырушысы-модератор Әлнұр Ильяшов. Фото: QT

 

2006 жылы құрбан болған саяси-қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайды еске алу лозунгін ұстаған азамат. Фото: QT

 

"Рұқсат етілген" митингтің өткізілуін "биліктің шындықтан қашып құтыла алмайтынын түсінгендігінен" деп ойлайтын Ася Төлесова сөз сөйлеп тұрған сәті. Фото: QT

"Бейбіт шеру үшін рұқсат қажет емес" лозунгін ұстаған жас қатысушы. Фото: QT

Рысбек Сәрсенбайдың экс-президент Н.Назарбаевқа "сәлем жолдау" сәті. Фото: QT

 

Бүгінгі митингтің негізгі талаптарын құқықтық жағынан бекітуші заңгер Маржан Аспандиярова көпшілікке резолюцияға дейінгі аргументтер жайында сөйлеп тұр. Фото: QT

 

Белгілі желтоқсаншы-саясаткер Хасен Қожа-Ахиеттің жаңа заң жобаларын билік ескермеген жағдайда бүкілхалықтық митингке шақыратынын жариялап тұрған сәті. Фото: QT

 

"Қорықпа, шеруге шық", "Еркіндік үшін" жапсырмаларын киіміне тағып алған белсенді. Фото: QT

 

Азаматтық қоғам белсендісі Құрал Сейітханұлы сөз сөйлеп тұр. Фото: QT

 

Митингтегі көрнекі лозунг. Фото: QT

"Шындықтан қашып құтыла алмайсың" акциясының бастамашысы Ася Төлесова үгіт-насихатқа болысып жүр. Фото: QT

 

Митингке қатысушылар алдында ұсыныс-талаптар тізімін оқып тұрған заңгер Маржан Аспандиярова. Фото: QT

 

 

Алматы қаласы әкімдігіне 36-шы рет жазған өтініші арқылы бейбіт митинг үшін рұқсат алған белсенді-ұйымдастырушы Әлнұр Ильяшовтың сұқбат беріп тұрған кезі. Фото: QT

 

Белсенді журналист, белгілі ақын Х.Ерғалиевтің қызы Гүлжан Ерғалиева "халық жиналысы" 10 жыл күткен жиынмен құттықтап тұр. Фото: QT

 

 

"Айтпау һәм үндемеу - қорқынышты" деген лозунгі бар плакат. Фото: QT

 

"Өзгеріспен келіс" лозунгін ұстаған жас қатысушы. Фото: QT

 

"Қазір болмаса қашан?" деген плакаты бар азамат. Фото: QT

"Бейбіт шеру үшін рұқсат қажет емес" деген лозунгін ұстаған саясаткер Серікжан Мәмбеталин. Фото: QT

 

Спикерлердің сөзін тыңдап тұрған жұрт. Фото: QT

 

Лозунг жазылған плакаттар мен ту ұстаған белсенділер. Фото: QT

 

Митингке жиналған көпшілік пен БАҚ өкілдері. Фото: QT

 

"Маған айту үшін рұқсат алуымның қажеті жоқ" лозунгтегі плакат ұстаған қатысушы. Фото: QT

"Оceans are rising and so are we" ұран-лозунгін көтерген жас қатысушы. Фото: QT

"The Qazaq Times"