Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуға дайын емес. Пентагонның жаяу әскер барлау басқармасының басшысы Роберт Эшли осындай мәлімдеме жасады.
КХДР 2018 жылы өткен саммитте ядролық қарудан бас тарту туралы келісімшартқа қол қойған. Дегенмен, Солтүстік Корея әлі күнге дейін ядролық қаруларды жасауын тоқтатқан жоқ.
Сәуірде Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігі Ким Жоң Унның мәлімдемесін жариялады. Ол мәлімдемесінде: «Солтүстік Корея санкция қысымдарына төтеп бере алады», – деген. Бұл оның екінші реткі «Трамп-Ким саммитынан» кейінгі алғаш рет жасаған мәлімдемесі.
Бұған дейін АҚШ президенті Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унмен екі мәрте келіссөз кездесуін өткізген болатын. Биыл ақпан айында өткен екінші реткі саммит жоспарланған уақыттан ертерек аяқталды, әрі тараптар ешқандай келісімге қол жеткізе алмады. Себебі, Солтүстік Корея тарабы өздеріне бағытталған санкцияларды алып тастауды талап етсе, Құрама Штат делегациясы КХДР-ға ядролық қаруынан бас тарту талабын қойған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел