"Эйр Астана" әуекомпаниясы World Travel Catering & Onboard Services Expo (WTCE) 2019 көрмесінің жеңімпазы атанды.
1 мен 4 cәуір аралығында Гамбургте өткен борттағы тағам мен қызметтердің дүниежүзілік көрмесінде «Эйр Астана» барлық ұсынған санаттарда марапаттарға ие
болды. Әлеумет бизнес және эконом-кластың жол жиынтықтары, оған қоса балалар жиынтықтары жоғары бағаланды. Балаларға арналған жол жиынтықтары бірден үш беделді марапатты жеңіп алды: Travel Plus, Onboard Hospitality және PAX International. Одан басқа, әуекомпания PAX International салалық басылым оқырмандарының пайымдауынша ТМД елдері арасында «Тасымалдаушының ерекше тағамы 2019» марапатын ұтып алды.
Айта кетейік, WTCE борттағы тағам, сауда мен жолаушылар қолайлықтары саласындағы басты жаһандық шара. 350 астам жеткізушінің өнімдері мен қызметтері ұсынылатын жылдағы оқиға Гамбургте өткізіледі. Көрмеге 800-ден астам әуекомпаниялары мен теміржол компаниялары қатысады. WTCE шеңберінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы туралы конференция, ұшақ интерьрі және жолаушы тасымал саласындағы технологиялық шешімдер көрмесі өтеді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?