Кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады. Онда ол кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9-шы маусым күні өтетіндігін мәлімдеді.
Соңғы рет кезектен тыс президент сайлауы 2015 жылдың 26-шы сәуір күні өткен. Аталмыш сайлауда сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтың 97,7 пайыз дауысын жинаған. Оның президенттік мерзімі 2020 жылы аяқталуы тиіс болған. Бірақ наурыз айының 19-ы күні Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын айтып, оның орнына Конституция бойынша парламент спикері Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған.
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының 20-ынан бері Қазақстан президентінің міндетін атқаруда.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы