Британия мен Сауд Арабиясы бірлескен құрлық әскери оқу-жаттығуы Араб түбегінде басталды. «Шөл сарбаздар» деп аталатын бірлескен әскери жаттығу екі ел арасында дәстүрлі бірлескен жаттығулардың жалғасы.
Сауд Арабиялық ресми ақпарат агенттіктері жасаған мәліметте, әскери жаттығу құрлық күштерінің шөл далаларда операцияларды орындау қабілетін және соғыс жоспарын жасау қабілетін шыңдау мақсатында өткізіліп жатқаны айтылған.
Британия мен Саду Арабиясы әскери ынтымақтастықты тұрақты сақтап келе жатқан елдер. Былтыр қараша-желтоқсан айларында «Жасыл байрақ» бірлескен әскери жаттығуын өткізген болатын.
Біріккен корольдік Араб түбегіндегі, Парсы шығанағындағы көптеген елдермен әскери одақтас. Кувейт, Оман, Катар және Сауд Арабиясы жерлерінде әскери базалары бар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес