"IHS Markit" орталығының зерттеулері бойынша, Samsung Electronics компаниясы кәсіби дисплей нарығындағы сату көлемі бойынша жетекші орынға ие болды.
Ол 2009 жылдан бері осы салада ең көп сатылатын бренд деген атын сақтап келеді.
Visual Displays Samsung Electronics компаниясының атқарушы вице-президенті Сок Ки Кимнің айтуынша, Samsung компаниясының инновациялық шешімдері "мүмкін емес" дегенді жоққа шығаруда.
«Samsung-тің инновациялық шешімдері "мүмкін емес" дегенді жоққа шығарды. IHS зерттеу орталығының рейтингтері Samsung-тің көптеген жылдар бойы еткен еңбегінің жемісі. Біз серіктестеріміздің тұтынушыларына шынайы және қызықты контентті көруге мүмкіндік беретін құралдарды ұсынамыз. Samsung индустрияны дамытып, сонымен бірге, өзгерістерге бейімделе отырып, кәсіби дисплей нарығында жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастыра береді", - дейді Visual Displays Samsung Electronics компаниясының атқарушы вице-президенті Сок Ки Ким.
Сондай-ақ, IHS Technology компаниясының «Кәсіби дисплей нарығының статистикасы» есебіне сәйкес, 2018 жылдың соңына қарай Samsung кәсіби дисплейлерді сатуға арналған әлемдік нарықтың 25,8% -ын құрады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы