АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео кезекті мәлімдемесінде, қытайлық Нuawei компаниясын қолдаған кез-келген елмен ынтымақтастық орнатуды тоқтататынын айтты.
Помпео бұл мәлімдемесін Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне қаратқан. Ол қытайлық телекоммуникация компаниясы Нuawei-дің технологиясын қолданатын елдермен істестік орнатуды тоқтататынын айтқан.
Помпео сөзінде: «Біз әріптестерімізге Нuawei технологияларын қолданудың қаупі мен зияны туралы ескертіп келеміз. Ал ережелердің оларды қалай қорғап отырғаны белгілі. Алдағы уақытта Нuawei технологияларына мүмкіндік берген елдермен әріптестік қатынасты тоқтатамыз», – деген.
Орта және Шығыс Еуропа елдері мен АҚШ арасында Нuawei компаниясы бойынша көзқарастар қайшылығы шешілмей келеді. АҚШ тарабы Huawei компаниясын тыңшылықпен айналысады деп айыптайды. Бұған Британия да келіседі. Британия үкіметі аталған қытайлық компанияны қайта тексеруден өткізу үстінде.


















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр