Эстонияда ресейлік тыңшылар ұсталды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, елдің қорғаныс күштері бас штабының қызметкері, майор Денис Метсавас пен оның әкесі Петр Волин бірнеше уақыт көлемінде тыңшылық жасап келген. Олар Ресей қарулы күштері бас басқармасына құпия мәліметтер берген. Эстонияның әскери инфрақұрылымы және одақтастарымен байланысы туралы мәлімет таратқан қос азаматқа осы тыңшылық қызметі үшін Ресей төлемақы төлеген.
Эстония сотының үкімімен айыпталушылардың бірі он бес жылға, бірі алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті