ҚР Президент Әкімшілігіне, М.Тәжінге
Бағыттағы күштер мен сол бағыттың қолдаушылары: Ресей, Иран және Түркия. Алғашқы екі мемлекет шииттерді қолдайды, Асадтың тегі - алавиттер өкілі, шиит бағыттағылар, «қызылбастар», «Али-Алла» қолдаушылары. Мен діндар адам емеспін, бірақ бұл жағдай өте маңызды. Сонымен Иран, Ресей және Сирия басшысы Асад суннитерлерге қарсы соғысып жатыр. Егер де, ДАИШ-ке қарсы екі коалицияның соғысы дұрыс бағыт десек, бұл мемлекеттер коалициясының басқа әскери әрекеттері деструктивті. ДАИШ-ке ( الإسلاميّ الدّولة ) тоқталайын, бұл – экстремистік, террористік мемлекетсымақ. Олар әсіре исламистік мемлекет құрып, Ирақ пен Левантты және жапсарлас жатқан араб мемлекеттерін ДАИШ-ке біріктірмек. Оларды орысша ИГИЛ деп атап келеді. Ағылшынша оларды the Islamic State of Iraq and the Levant (ISIL), also known as the Islamic State of Iraq and Syria (ISIS ) деп атап жүр. [1] Cириядағы дағдарысқа әкесі мен баласы, Асадтар отбасы және солардың диктаторлық режимі кінәлі. Бұл тұжырымды мен араб әлеміндегі дағдарысты зерттеген адам ретінде айтып отырмын. [2] Сүрияда бүгінгі күнде Ресей әскери базасында және басқа шайқас алаңында Ресейдің әскери күштері қақтығыстарға қатысуда. Шешен батальонына қоса ингуш батальоны, жеке қалмақтар және орыс еріктілері Сүрияда соғысып жүр .[3]
Кім, кімге қарсы. Қарсы тараптар: Сонымен ымырашылдық миссияны және спонсорлықты, соғысты ынталандырып, қоздырып отырған күштің бір жағы ол – Ресей мен Иран. Ал Түркия өз шекараларының маңындағы қауыпсіздікті ойлап, күрдтерге қарсы әрекет жасап жүр. Араб елдерінің көбісі және мұсылман суннииттер шииттерге қарсы соғысады. Мәселен, Сауд Арабиясы Астана саммитіне қатыспайды, АҚШ та қатыспайды. Айтпақшы, сунниттер жағында жеке шешендер, Солтүстік Кавказ мұсылмандары және аз топ қазақтар да бар арасында.
Қазақстан үшін қауіптер. Зауалдар: Қазіргі әлемде ең ықпалды бір-ақ мемлекет бар ол – АҚШ, оның есерлеу, бірақ тікшіл және әділ Президенті тағы бар, ол – Доналд Трамп. Украинаға Ресей шабуыл жасады, Қырымды тартып алды деп Трамп Ресейге қатты ашулы. Сол сияқты АҚШ-тың Ресейдің Сүриядағы әрекеттеріне де көңілі толмайды, тіпті сол әрекеттеріне қарсы. Себебі, АҚШ Асад режимінің өзіне қарсы. АҚШ Сүриядағы демократиялық оппозициялық күштерді қолдайды. Кейін, Асад кеткен соң соларға Сүриядағы билікті тапсырмақ. Ал Ресей Сүрияның демократиялық оппозициялық әскери күштерінің мүдделерімен санаспайды. Иран ядролық қару жасауда және сол қаруды Израильге қарсы пайдаланады деген АҚШ-та қауып пен күдік бар. Иран әскерлері ашық түрде Асадтың әскерін қолдап соғысып жүр және Сүрияның демократиялық оппозициялық әскери күштерімен соғысуда. Ресей мен Иран бүгінгі таңда изгой – шыққыншы мемлекет. АҚШ Сенаты да Ресей мен Иранға қосымша санкцияларды күшейтіп салмақшы, солай қысым жасамақшы. Ертең Трамп әскери саяси аналитиктері Сүрия дүрдараздығында Ресей мен Иранның әрекеттерін талдап отырып, Қазақстаннның өз астанасы Астана төріне екі сүйкімсіз мемлекетті қайта-қайта шақырып, олардың Cүриядағы содыр басшыларын ымыраластырғаны үшін біз, Қазақ елі ертең опық жемеумізге кім кепіл? Біздің басымызға АҚШ және Европалық Одақ санкциялары ойнамай ма? Себебі, біз қатарынан екі изгой мемлекеттің жан досы және жандайшабы болып жүрміз. Бұл саясат бұрынғы сыртқы істер министрі белгілі орысшыл адам Е.Ыдырысовтың саясатының салдары десем артық айтқан сөз емес. Бұл қателіктерді жою керек. Егер Сауд Арабиясы мен АҚШ бара келе Астана кездесулеріне қосылмаса, онда мәсілихатты доғару керек.
- Islamic State of Iraq and the Levant. From Wikipedia, the free encyclopedia
http://www.washingtoninstitute.org/…/a-new-approach-to-the-…
http://www.manar.com/page-19484-ar.html - Азимбай Гали Arabica-кофе без кофеина Причины кризиса в арабском мире и его последствия Palmarium Academic Publishing.Германия.2015; Азимбай Гали Башар Асад-сын ответит и за отца 16.05.2015www.centrasia.ru; Азимбай Гали Arabica: Кофе без кофеина. Башар Асад в трех измерениях .08.05.2015www.centrasia.ru;http://www.orient-news.net/ ?page=news_show&id=81670; هؤلاء حكموا سوريا :: أديب الشيشكلي
- http://warfiles.ru/show-111438-rossiyskie-chastnye-voennye-… Славянский корпус» возвращается в Сирию добровольцев, желающих рискнуть головой за Башара Асада, открыт в России. Журналисты Петербурской интернет-газеты «Фонтанка» узнали, как попасть на войну, сколько стоит жизнь солдата удачи
Page not found - The Washington Institute for Near East Policy
WASHINGTONINSTITUTE.ORG
«The Qazaq Times»