АҚШ президентінің қызы Иванка Трамптың кандидатурасы Дүниежүзілік банктің басшысы лауазымына ұсынылды, деп жазады The Financial Times ақпараттық агенттігі.
Алдағы айдың 1-і күні ұйымның қазіргі басшысы Джим Йоң Кимнің (Jim Yong KIm) отставкаға кетуіне байланысты, аталған лауызымға үміткерлер ұсынылуда. Олардың қатарында Иванка Трамппен бірге БҰҰ-дағы АҚШ-тың бұрынғы тұрақты өкілі Никки Хейли, Халықаралық істер жөніндегі Қаржы министрінің орынбасары Дэвид Малпасс және АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің басшысы Марк Гринн бар.
Алайда, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Малпасстың кандидатурасы туралы әзірге ешқандай түсінік бермеді.
Дүниежүзілік банк ақпан айының ортасына дейін үміткерлерді қарастырып, сәуір айының ортасына дейін басшылық қызметке біреуді тағайындайды. Айта кетейік, АҚШ аталған ұйымның ірі акционері болғандықтан, басшысы да АҚШ азаматы болуға тиіс.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді