Нью-Йоркте Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин қайтыс болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Виталий Чуркин 21 ақпанда 65 жасқа толушы еді деп жазады "Орталық Азия хабар қызметі".
"Нью-Йорк пост" америкалық басылымының хабарлауынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған. Дипломат Ресейдің дипломатиялық өкілділігінде отырғанда өзін жайсыз сезінген. Жедел жәрдем оны ауруханаға жеткізген.
Виталий Чуркин 1974 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірді, ағылшын, француз және моңғол тілдерін біледі. Бұған дейін ол Ресейдің Бельгиядағы, сосын Канададағы елшісі қызметін атқарды. Чуркин БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты өкілі қызметіне 2006 жылы тағайындалды.
«The Qazaq Times»