Тәжікстанда 1,3 мың отбасы Ресейге шетелдегі қандастардың көшіп келуіне көмеутесу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама көмегімен көшкен деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Биыл он бір айдың ішінде 1,3 мың отбасы Ресейге мемлекеттік бағдарлама аясында қоныс аударды. Бұл туралы Ресейдің ішкі істер министрлігінің Тәжікстандағы көші-қон мәселелері жөніндегі өкілі Владимир Маркевич хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін арызданушылар саны көбейе түседі. "Мысалы, өткен жылы 1200 отбасы көшкен, биыл одан 200 отбасы көп көшті. 2016 жылы 820 отбасы болған", – деді Маркевич Интерфакс агенттігіне.
Тәжікстан азаматтары Ресейдің Тамбов, Воронеж, Саратов, Самара, Свердлов областары мен Хабаровск өңірін таңдаған. "Бұл аймақтарда өтініш берушіге 250 мың рубль және отбасының әрбір мүшесіне 120 мың рубль бөледі. Енді бұл ақша көлемі өсуі мүмкін",- деді Маркевич.
Тәжікстанда Ресейде тұрып, жұмыс істегісі келетіндер көп. 2016 жылы қоныс аудару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға 14 мыңнан астам тәжікстандық өтініш берген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы