Ресей Венесуэлаға бомбалаушы әскери ұшақтарын жіберді.
«The Washington Free Beacon» басылымы ұшақтар арнайы оқу-жаттығуларға қатысуы тиіс деп жазды. Басылым хабарлағандай, ресейлік ядролық оқтұмсықпен ұшатын ұшақтарды АҚШ қадағалайтын болады. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың айтуынша, олар экономикалық реформалар жүргізу саласында тәжірибе алмасу үшін келген.
Өткен аптада Ресейге Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Қорғаныс министрлігінің басшысы Лопес барған. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сол кезде Ресей әскери авиациясының Венесуэла аэродромдарына ұшу практикасы жалғасатынын, ал Ресей ВМФ кемелері осы елдің порттарына кіретінін мәлімдеген. Енді ресейлік ұшақтар Венесуэла әскери қызметшілерімен бірлескен оқу-жаттығуларға қатысады.
«Универсаль» Венесуэла басылымы хабарлағандай, НАТО Blackjack деп аталатын Ту-160 ұшақтары ядролық қарумен де, жай қарумен де жабдықталады. Сүриядағы Ресей авиациясының рейдінде осы сынды бірнеше бомбалаушы ұшақ Х-101 қанатты зымырандарын атқан.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті