Қараша айында Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтетін ауыр
атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы
спортшыларының тізімі ресми жарияланды.

Бір қызығы, әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшылар тізімінде
Илья Ильин де бар. Дегенмен оның Ашхабадқа атлет ретінде барар-
бармасы әлі белгісіз қалып отыр. Ауыр атлетика федерациясы да бұл
жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Белгілісі бапкерлер
штабы ақылдаса келе Ильиннің салмағына Александр Зайчиковты
ауыстырған. Бұған дейін құраманың бас бапкері Юрий Мельников
Ильиннің әлем чемпионатынан тыс қалғанын растаған.

– Өкінішке қарай Илья жарысқа қатыса алмайды. Оның есі жарақаты
қайта сыр берді. Біз оның денсаулығын тәуекелге тіккіміз келмейді.
Спортшы жақын арада бұл проблеманы реттеуге кіріседі. Содан соң
барып оның 2019 жылы сәуір айында өтетін Азия чемпионатына қатысуы
туралы сөз қозғаймыз. Дәл бұдан ешқандай трагедия жасаудың керегі
жоқ. Илья – тәжірибелі спортшы. Токио олимпиадасы қарсаңында оның
жолдама иеленуіне әлі мүмкіндік болады, – деген еді бас бапкер.
Еске салсақ, Илья тура әлем чемпионаты алдында мәлімдеме жасап
өзінің аталған жарысқа қатыспайтынын айтқан. Атлет үлкен спортқа биыл
екі жылдық үзілістен соң қайта оралды. Талдықорғанда Қазақстан
чемпионатын жеңіп алғаннан кейін бапкерлер оны құрамаға қосқан.
Ал 1 қарашада басталатын әлем чемпионатында 20 қазақстандық атлет
өнер көрсетеді.

Ерлер:

Арли Чонтей (А тобы, 55 келіге дейін);
Фархад Харки (В тобы, 67 келіге дейін);
Нижат Рахимов (А тобы, 73 келіге дейін);
Айдар Казов (В тобы, 81 келіге дейін);
Денис Уланов (В тобы, 89 келіге дейін);
Рүстем Сыбай (А тобы, 96 келіге дейін);
Илья Ильин, Александр Зайчкиков (А тобы, 102 келіге дейін);
Ибрагим Берсанов (В тобы, 109 келіге дейін);
- Ердос Сайлау (С тобы, 109 келіден жоғары)
Әйелдер:
Зұлфия Чиншанло (А, 55 келіге дейін);
Сәуле Сәдуақасова (В, 59 келіге дейін);
Әсем Садықова (В, 64 келіге дейін);

Карина Горичева (В, 64 келіге дейін);
Екатерина Столяренко (В, 71 келіге дейін);
Надежда Лихачева (А, 71 келіге дейін);
Екатерина Быкова (В, 76 келіге дейін);
Раушан Мешітханова (В, 81 келіге дейін);
Айзада Мүптілдә, Александра Аборнева (С, 87 келіден жоғары)
Әлем чемпионаты 1-10 қараша аралығында Ашхабадта өтеді. Түркімен
астанасында 16 медаль ойнатылмақ.

"The Qazaq Times"