2017 жылдың бірінші жартысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзбек әріптесін арнайы шақырған. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" мәлімет береді.
Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық қызметтің хабарлауынша, сапар барысында стратегиялық әріптестік мәселелері талқыланады.
"Өткен жылдың аяғы мен 2017 жылдың басында екі жақты қарым-қатынас белсенді дами бастады. Соған байланысты, шешілуі тиіс көптеген сұрақтар туындады. Осы орайда, екі мемлекет басшысының кездесуі өте өзекті болып отыр" , – деді Өзбекстандағы Қазақстан елшілігіндегі дереккөз.
Бұған қоса жақын уақытта тағы бірқатар екі жақты кездесулер мен сапарлар жоспарланған. Атап айтқанда, Қорғаныс және әскери-техникалық әріптестік жөніндегі жаңа министрлік өкілдерінен тұратын қазақстандық делегация Өзбекстанға сапарлап барады. Ұлттық темір жол операторлары делегациялары да кездеседі.
Елшілік мәліметі бойынша, биыл екі ел арасында ресми сапарлар көп болады.
Бұған дейін хабарланғандай, Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретіндегі алғашқы сапары Ресейге жасалады. Өзбекстан мемлекет басшысының Ресейге сапарына дайындық басталып кетті.
«The Qazaq Times»


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі