Сүрияның Идлиб провинциясында деэскалация аймағы құрылды. Бұл туралы haber7.com хабарлады.
Түркия мен Ресейдің қарусызданған аймақ құру жайлы бірлескен келісімі Сүрия әскерлерінің Идлибке шабуылын тоқтатты. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі екі ел арасындағы үздіксіз соғыс 3 миллион халқы бар провинцияда жағдайды қиындатып жіберетінін айтқан.
Айта кетейік, қос ел басшыларының Идлибте деэскалация құру туралы шешімінен соң провинциядағы барлық топ әскери техникаларын шығаруы тиіс. Бұдан кейін «әскер шығарылған қауіпсіз аймақта» тек Түркия мен Ресейдің бақылау күзеті соғыстың тоқтағанын бақылауға алады. Әзірше, бұл шешімге қатысты Сүриядағы ең ірі «Тахрир аш-Шам» жиһадшылар тобы пікір білдірген жоқ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті