Жапониядан келген миллиардер Юсаку Маэдзава SpaceX компаниясының BFR (Big Falcon Rocket) зымырандарында Айдың саяхат жасайтын тұңғыш ғарыш туристі болмақ. Бұл туралы Калифорния штаты, Хортон қаласындағы SpaceX бас кеңсесінде өткен тұсаукесерде компанияның негізін қалаушы Илон Маск хабарлады.
Осыған дейін Илон Маск 2024 жылы Марсқа экспедицияны жіберуге уәде берген болатын. Ендігі басты миссия 2023 жылға жоспарланып отыр. Туристік ракета Айдан 200 шақырым қашықтықта ұшады. Масктің айтуынша, бұл компанияның BFR зымыранын әзірлеуге айтарлықтай сома бөлінді және резонанс тудыратын саяхат бір аптаға созылады.
Илон Маск 2016 жылдан бері BFR жобасымен жұмыс жасап келеді. SpaceX-тің тарихында тек 24 адам Айда болған. Олардың соңғысы 1972 жылы «Аполлон-17» миссиясына қатысқан.
Юсаку Маэдзава кім?
«Ғарыш туристі» 42 жастағы жапон кәсіпкері Маэдзаваның «Zozotown» киім онлайн-дүкені бар. Forbes оның қаржысын $2,9 млрд деп бағалайды. Ол сондай-ақ заманауи өнер туындыларын жинайды. Жапон миллиардері өзімен бірге бүкіл әлемнің атақты сегіз суретшілерін бортқа алғысы келетінін айтты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді