Ресей келесі жылы 19 сәуірден бастап АҚШ-пен жасасқан ғарыш тасымалына байланысты барлық келісімдердің күшін жоятынын мәлімдеді. Мұндай мәлімдемені Ресейдің вице-президенті Юрий Борисов жасады.
Осыдан бұрын NASA ресейлік ғарыш кемесі арқылы 5 ғарышкерін Халықаралық ғарыш станциясына жеткізуге келісім алған. Бұл келісімнің кепілгерлері Boeing және ресейлік «Энергия» атты зымыран және ғарыш технологиялық компаниясы болатын.
РФ вице-президенті жасаған мәлімдемеде, бұған дейін жасалған NASA-ның немесе америкалық ғарышкерлерді Союз-МС ғарыш кемесі арқылы Халықаралық ғарыш станциясына жеткізу жөніндегі келісімдердің келесі жылы 19 сәуірден кейін жойылатыны мәлім болды.
2019 жылдан кейін ғарышкерлерін жеткізу үшін Құрама Штаттың өз жоспарлары да бар. Ал, Ресей тарабы 2021 жылға дейін 13 рет ғарыш кемесін ұшыруды жоспарлаған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы