"Жексенбі, 19 тамыз күні Израиль билігі Эрез кедендік бақылау бекетін жауып тастады. Бұл — Газа секторымен шекарадағы бірден-бір әрі жалғыз кедендік бекет", - деп хабарлайды «abhaber.com» Израиль билігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
КББ-нің жабылғаны туралы ақпаратты Израильдің Қорғаныс министрлігі де растаған. Сонымен қатар, Газа секторындағы Палестина автономиясының Азаматтық істер басқармасы да осы шешімнің қабылданған туралы хабарлаған. Енді, аталған бекет тек гуманитарлық істерге қатысты жағдайда ғана пайдаланылмақ. Әрі, оның қанша уақытқа жабылғаны да белгісіз. Айта кету керек, бұл шешім Израиль мен Газа секторы шекарасындағы қақтығыстан кейін қабылданып отыр. Яғни, бұдан бұрын да сайтымызда жазғанымыздай, ХАМАС күштері 9 тамыз күні Газа секторы территориясынан Израильге 150 зымыран шабуылын ұйымдастырған еді. Айта кететін тағы бір жайт, бұдан бұрын Израиль мен ХАМАС бітім жасасуға келіскен. Алайда, 18 тамызда палестиналықтар осы бітімді бұзып, қақтығысқа шығып, салдарынан екі палестиналық қаза тапқан еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы