Тамыздың 19-26 аралығында Алматы қаласында алғаш рет студенттер арасында футзалдан Әлем чемпионаты өтеді. 17 мемлекеттен жиналған 25 команда Halyk arena және «Алматы Арена» спорт кешенінде бақ сынасады.
Еліміз 2015 жылы қазан айында студенттер арасындағы футзалдан 2018 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алған болатын. Бұл дүбірлі дода ТМД елдері арасында алғаш рет Қазақстанда өткелі отыр.
Халықаралық бәсеке Қазақстан Республикасының Студенттік спорт федерациясы және Ұлттық студенттік лигасының ұйымдастыруында өткелі отыр. Ұйымдастыру комитетінің құрамына ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі кіріп отыр.
Чемпионаттың ашылуы 19 тамыз күні сағат 12:00-де. Қала тұрғындары мен қонақтарына кіру тегеін.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел