Аргентинаның вице-пирезиденті Амадо Будуға 5,9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды. Оған ақшалай банкноттарды басып шығарып, астыртын әрекетке барды деген айып тағылған. Бұл туралы «orsam.org.tr» хабарлайды.
Сонымен қатар, соған өмірінің соңына дейін мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынған. Себебі, оның қылмысы мемлекеттік қызметкер үшін өрескел болып саналады. Бұдан бөлек, Амадо Будуға «жемқорлыққа» қатысты айып тағылған. 2010 жылғы соттың шешіміне сәйкес, ол экономика министрі болып жүргенінде «Ciccone Calcografica» фирмасын банкроттан аман алып қалған. Сонымен қатар, ол өзінің қызметін елдің басты банкіне ықпал ету мақсатында пайдаланған. Бұрынғы вице-президент осы көмегі үшін фирманы жартылай қадағалау құқығын алған. Ал, Амадо Будудың өзі бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарған, ал адвокаттары апелляция дайындауда.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел