Түркиялық шенеуніктерден құралған делегация жақын күндері Түркия мен АҚШ-тың ара-қатынасындағы шиеленісті реттеу үшін Уашингтонға бармақ. Бұл туралы бүгін, сейсенбі күні «CNN Turk» телеарнасы дипломатиялық органдардың баспасөз қызметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, Анкара мен Уашингтон кейбір мәселелерге қатысты алдын ала келісімге барған. Алайда, нақты қандай келісімдер екені туралы мәлімет жоқ.
Еске салайық, 1 шілде күні АҚШ-тың Қаржы министрлігі Түркияның Ішкі істер министрі Сүлеймен Сойлу мен Әділет министрі Әбдүлхамид Гүлге қарсы санкция енгізген еді. АҚШ-тың бұндай қадамға баруына Анкараның америкалық пастор Эндрю Брансонның отанына қайтуына рұқсат етпеуі себеп болған еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы