Йемен хүситтері Абу-Даби халықаралық әуежайына ұшқышсыз ұшақ көмегімен шабуыл ұйымдастырған. Бұл туралы «Associated Press» хабарлайды.
Көтерілісшілердің хабарлауынша, әуежайға ұшақсыз ұшқыш көмегімен шабуыл жасаған. БАӘ билігі алғашқы уақытта шабуыл туралы хабарды жоққа шығарған. Кейін, болған оқиғаны әуежай ғимаратында «арнайы жүктерді тасымалдау барысында техникалық ақаулық орын алды» деп түсіндірген. Ал, бүгін Йеменді (хүситтерді) құтқару үкіметі деп аталатын ведомостваның басшысы Әбдүл-Салам әл-Джабер Абу-Даби халықаралық әуежайына жасалған шабуылға — «Сауд Арабиясы басқаратын араб күштерінің қатаң ескертуі» деп баға берді. Әбдүл-Салам әл-Джабердің айтуынша, «Йемен шекарасына елдің территориясын жаулап алу мақсатында кіргендерді бұдан да қатты жайсыз «тосын сыйлар» күтуде». Еске салайық, 25 шілде күні хүситтер Сауд-Арабиясының танкеріне шабуыл жасаған еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді