Батыс басылымдары Қытай банктерінің әлемдегі ықпалы барған сайын артып келе жатқанын мәлімдеді. The Banker басылымы жыл сайын жариялайтын «Ең ірі 100 банк» тізімінде биыл алдынғы төрт орынды да қытайлық банктері иелеген.
Биылғы тізімде Қытайдың ICBC банкі (Industrial and Commercial Bank of China) тізімнің алдынғы қатарына шықты. Оның капиталы 324 млрд АҚШ долларына тең деп бағаланған. Екінші орынды 272 млрд доллар капиталмен China Construction Bank, үшінші орынды 224 млрд доллар капиталмен Bank of China, ал төртінші орынды 218 млрд-қа жуық қаржымен Қытайдың Ауылшаруашылық Банкі иеленген.
Сарапшылар Қытай банктерінің әлемнің алдынғы орынын иеленуіне үш негізгі себепті көрсетеді: біріншіден, соңғы жылдары әлем экономикасының өсіміне дамуға дамушы елдердің көшбасшылық ете бастауы; екіншіден, Қытай билігі ірі банктеріне көлемді субсидиямен қолдау көрсетуде; үшіншіден, Қытайдың халық саны оның банктерінің ірі капитал жинауына мүмкіндік берген.