Израильдің "Отаншыл" атты әуе қорғаныс күштері Сүрия шекарасынан ұшып кірген ұшқышсыз ұшу құрылғысын атып түсірді. Қарулы күштер тарабынан жасалған жазбаша мәлімдемеде, аталған ұшқышсыз ұшу апаратының Башар Асад режиміне қарасты екені айтылған.
Қазіргі кезде Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштері елдің оңтүстік-батысында операциялар жүргізуде. Әскери әрекеттерге Иран тарабынан қолдау көрсетілген. Израиль шекарасына жақын бұл аймаққа осыған дейін үкіметке қарсы қарулы топтар билік жүргізіп келген.
Израиль қарулы күштері арандату әрекеттері жалғасатын болса, Башар Асад жауапсыз қалмайтынын ескертті.