ЕО-тың сыртқы саясат қызметінің баспасөз хатшысы «Грузиялық аймақтардың тәуелсіздігін мойындау — халықаралық құқық ережелерін бұзу болып табылады, - деп мәлімдеді. Бұл туралы lemonde.fr хабарлайды.
ЕО Грузияның аймақтық тұтастығы мен егемендігін толықтай қолдайды, деген баспасөз хатшысының мәлімдемесінде: «Біз ЕО-тың Оңтүстік Кавказ мен Грузиядағы дағдарыс жөніндегі арнайы өкілдігі мен ЕО-тың бақылау миссиясының жұмыстары арқылы дау-дамайды біржақты етуді жалғастыра береміз», - делінген.
Естеріңізге сала кетсек, 29 мамыр күні Сүрия басшылығы өз егемендігін жариялаған Абхазия мен Оңтүстік Осетия «республикаларының» (екі елдің тәуелсіздігі әлемдік қауымдастық тарапынан әлі танылмады) тәуелсіздігін мойындағаны туралы мәлімдеген еді. Осы жағдайдан кейін, Грузия Сүриямен дипломатиялық қарым-қатынасын тоқтату туралы іске кіріскен болатын. Негізінен, Абхазия мен Оңтүстік Осетия елдері өздерінің тәуелсіздіктерін 1990 жылдардың басында жариялаған еді. Тек, 2008 жылы Ресей ғана осы «республикалардың» тәуелсіздіктерін мойындағанын хабарлады. Ресей Федерерациясынан кейін, Никарагуа, Венесэла, Науру, Вануату және Тувалу елдері де грузиялық аймақтардың тәуелсіздіктерін мойындайтындықтарын жариялаған еді.
Жалпы, Тбилиси Абхазия мен Оңтүстік Осетия территорияларын Грузияның қарамағындағы, ертеден басып алынған аймақтар деп есептейді. Ал, негізінен, әлемдік қауымдастық Грузияның осы аталған екі елдегі үстемдігін мойындап келеді. Айта кететін тағы бір жайт, егемендіктерін жариялаған екі ел территориясында Ресейдік әскери базалары бар.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті