Қырғыз Республикасының бұрынғы премьер-министріне пара алды деген айып тағылды. Елдің ұлттық қауіпсіздік комитеті Сапар Исақовты бірнеше рет тергеу шақырып, ақырында күдіктілердің қатарына қосып қойған. Бұл туралы көршілес мемлекеттің журналистері жарыса жазып жатыр.
Құзырлы орындардың мәліметінше, 2013 жылы Президент аппараты жетекшісінің орынбасары болған Сапар Исақов қызметтік бабын асыра пайдаланып, Бішкектегі жылу электр станциясын жөндеуге бөлінген қаражатты қымқырған екен. Алайда Исақов өзіне тағылған бұл айыппен келіспей, құзырлы орын өкілдерімен соттаспақ. Қазір ол қолхат арқылы бостандыққа жіберілген. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы