Өзбекстан Республикасының Наманган облысы Туракурган ауданындағы мектеп мұғалімдері ашынып отыр. Сөздерінше, аудан басшылығы олардың бір күндік еңбек ақыларын тұрғын үй құрылысына салуды талап еткен. Жергілікті биліктің бұл тапсырмасын орындамағандар жаппай жұмыстан қуылып жатыр-мыс.
Мұғалімдердің айтуынша, олар айына 800 мың сум (100 АҚШ доллары шамасында) айлық алады екен. Мектеп директорлары білім ошақтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін осыған дейін де ұстаздардан ақша талап етіпті. Енді, ауылдағы нысандардың құрылысына да оқытушылардың ақшасын жұмсамақ.
29 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Обод кишлок» бағдарламасы жөнінде қаулыға қол қойды. Жобаға сәйкес ауылды жерлердің архитектуралық бейнесін түбірімен өзгертіп, әлеуметтік нысандар салу қолға алынған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы