Өткен жылы елде уран тапшы деп, ұлардай шулаған "Қазатомпром" компаниясы санаулы қалған шикізатты енді Бразиялияға экспорттауға көшті. Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Компания мамандары Бразилияға нақты қандай көлемде шикізат беріліп жатқанын жарияламаған. Олар арадағы келісім - бейбіт мақсатты көздейді деумен шектелді. Сөздерінше, біздің елден уран сатып алып жатқан "INB" компаниясы - Бразилиядағы ең ірі серіктестіктердің бірі екен. Олар уранды байытумен және ядролық сұйық отын дайындаумен айналысады.
Осыған дейін, Қазақстан үкіметі уранды байыту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2 мың 300 гектар орманды алқапты отап тастауға пәрмен бергенін хабарлаған едік. Олар құнарлы жерді "Қаратау" серіктестігіне беріп, жасыл желектерді түгел жапырып тастамақ. Тиісінше, босаған орыннан қосымша уран қорын іздейді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды