Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданында 1 миллион мұсылман қамауда отыр. Германиялық зерттеуші Адриан Зенц өз баяндамасында осындай дерек келтіреді. Неміс оқытушысы саяси үйрету орталықтарына ұйғырлар, қазақтар мен қырғыздардың қамалғанын айтқан. Осы мәліметті негізге ала отырып, АҚШ-тың "The Washington Post " басылымы көлемді мақала жариялапты. Бұл туралы "Жас Алаш" газеті хабардар етті.
Дерекке сенсек, Қытай үкіметі Шыңжаңдағы 40 елдімекенде орналасқан саяси үйрену орталықтарын дамыту үшін арнайы тендр жариялапты. Олар бұл жобаны алғаш 2016 жылы қолға алып, жүзеге асыруға жең түре кіріскен сыңайлы. Жобаның жалпы құны 680 млн юаньға (107 млн доллар) бағаланған.
Биыл сәуір айында жарияланған тендр бойынша, 286 мың шаршы метр аумаққа алып орталық салу көзделген екен. Ол жерде полицейлерден бөлек, криминалды психология және әскери тәжірибесі бар адамдар жұмыс істемек. Қазір жергілікті билік өкілдері осындай саладан хабары адамдарды іздеп жатқан көрінеді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті