Ресейде шет мемлекеттер салған санкцияларды федерация аумағында орындаған адамдарды түрмеге қамау туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. Жаңа жобаны Мемлекеттік Дума депутаттары талқыға салуда.
Заң жобасына сәйкес, Ресейге қарсы санкциялар негізінде жергілікті компаниялар мен азаматтарға қызмет көрсетуден немесе келісімге отырудан бас тартқан компанияларға 600 мың рубльге дейін айыппұл салынады немесе 4 жыл еркіндігін шектеу жазасы қолданылады.
Ресей азаматтарына шектеу енгізуге түрткі болуы мүмкін мәліметтер немесе кеңестер бергендерге 500 мың рубльге дейін айыппұл салынып, 3 жылға дейін бостандығынынан айыру немесе мәжбүрлі жұмысқа салу жазалары қарастырылады.
Заң жобасын Федералдық Жиналыстың жоғарғы және төменгі палаталарының спикерлері, барлық төрт партияның жетекшілері және Дума вице-спикері қолдап отыр.
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді