АҚШ Сауда департаментінің хатшысы Росс мәлімдемесінде, Латын Америкасындағы елдер үшін Қытаймен сауда жасаудан көрі АҚШ-пен сауда қатынасын орнату тиімдірек. Ол Құрама Штат бұл аймақта Қытай секілді авторитарлық елдерге басымдық бермейтінін айтты. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.
Уилбур Росс аталған пікірін Лимадағы (Перу астанасы) Латын Америкасы елдерінің саммитінен бір күн бұрын Америка құрлығының бизнес көшбасшылары саммитінде ортаға салды. Ол АҚШ-тың Латын Америкасынан импорт ететін өнімдердің басым көбі өндірістік өнімдер болса, ал Қытай тек Латын Америкасынан шикізат пен ауыл шаруашылық өнімдері екенін алға тартты.
Росс сөзінде: «Өндірістік өнімдердің бағасы жоғары, сондықтан еңбекақы төлеудің жоғары мүмкіндігін қамтамасыз ете алады. Бұл жергілікті экономикаға барынша тиімді. Бұған қоса біз осы өңірдің бай табиғи ресурстарын пайдаланып отырған авторитарлы елге өңірдің көшбасшылығын беріп қоймаймыз», – деді.
Осыдан бір апта бұрын Ақ үй мәлімдемесінде, президенті Дональд Трамп Құрама Штаттың сауда мүмкіндігін арттыру мақсатында Латын Америка елдерінің саммитына қатысу керектігін, сондай-ақ Латын Америка елдерін Қытайдың экономикалық ықпалына қарсы тұруға көндіру керек екені айтылған. Бірақ, соңында Трамп Сүрия дағдарысы және өзге де өзекті мәселелерге байланысты саммитке қатыспайтын болған.
Қытайдың Перудегі елшісі Жия Гуйды (Jia Guide) сәрсенбі күні «Reuters» агенттігінің сұхбатын қабылдағанда, Қытайдың Латын Америкасымен болған сауда қатынасы туралы АҚШ-тың аталмыш ескертуіне жауап берген. Ол сөзінде: «Егер Құрама Штат Латын Америкасы елдерін Қытай-АҚШ сауда соғысына тартса, бұл аймақтағы елдерді құрметтемегендік. Қытай әлде қашан көптеген Латын Америкасы елдерінің ең үлкен немесе екінші орындағы сауда серігіне айналып болды. Әр күні қыруар Латын Америка тауары Қытай нарығына шығады», – деді.
Бұл АҚШ-Қытай арасындағы сауда қақтығысы алдағы уақытта Латын Америка үшін талас негізінде де жалғасуы мүмкін екенін білдіреді.