Жұма күні болған жер сілкінісінен зардап шеккен шағын қалаға барып қонған әскери тікұшақ апатқа ұшырады, - деп хабарлайды BBC ақпарат агенттігі.
Оңтүстіктегі Оахака (Oaxaca) штатында болған 7.2 балдық жер сілкінісінен кейін апатқа ұшыраған тікұшаққа қатысты Мексика билік өкілдері тергеу жұмыстарын бастады.
Борттағылар аман болғанмен, тікұшақ жердегі екі көшпелі үйдің үстіне құлап, 14 адам қайтыс болған.
Әскери тікұшақ бортындағы жоғары лауазымды тұлғалар арасында Мексиканың Ішкі істер министрі болған. Ол жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарды бақылауға әскери тікұшақпен шыққан.
Эдуардо Хуарес Веласко (Eduardo Juarez Velazco): "Қалада жарық болмаса да, жер сілкінісінен аман қалғанымызға қуанып, енді ұйықтайын деп жатқанбыз. Бізге көмектесуге келген әкім сымақтың жағдайын қараңдар. Осы ма бізге көрсеткен көмегі?", - дейді.
Түкұшақ бортындағы журналист ұшақ үйлер үстінен өтіп құламас бұрын шаңды аспанға көтеріп үлгерген.
Билік өкілдерінің айтуынша, дәл осы шаңның көтерілуі ұшқышқа ұшақты басқаруға кедергі келтірген.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы