Неміс көлік шығарушысы Daimler өзінің инстаграм парақшасында Далай Ламаның сөзін мерседес фонында жариялап, Қытай халқының наразылығын тудырды, - деп хабарлайды New York Times.
#MondayMotivation хештегімен жарияланған Нобель сыйлығының иегері - Далай Ламаның "Жағдайға жан-жақтан қарап үйрену арқылы өзің де ашыла түсесің" (Looking at situations from all angles, and you will become more open) деген сөзі ғаламтор қолданушыларын Мерседес брендіне бойкот жариялауға итермеледі.
Қытайлықтардың көбі Далай Ламаны Тибетке байланысты аймақта сепаратизмді ушықтырып жүр деп ойлайды. Сол себепті шетелдік селебрити, компания басшысы, белгілі адам Далай Ламаға қатысты не айтса да Қытай халқы оны дауға айналдырып жібереді.
Далай Лама Қытай үкіметі Тибетке автономиялы ел мәртебесін берсе болды деп ақталуда. Бірақ Бейжің оны Тибетке тәуелсіздік алып беруді көздейді деп кінәлайды.
Осылайша Мерседес "қытайлық" твиттер - Вейбода (Weibo) жариялаған постында "Қате ақпарат жариялап, жергілікті халықтың көңілін қалдырғанымыз үшін кешірім сұраймыз. Барлық сынды қабылдап, Қытай халқының мәдениеті және құндылықтарымен тереңірек танысуға тырысамыз" деген болатын. Инстаграмдағы постты компания дау шыққан сәтте-ақ өшіріп тастады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті