Ресей президентінің Владимир Путиннің Ресей әскерлерін Сүриядан шығару шешіміне АҚШ қорғаныс өкілдері күмәнмен қарайды. Осы аптаның бас шенінде Пентагон жариялаған мәліметте Путиннің мұндай шешімі осыдан бұрында айтылғанын, бірақ Сүриядан әскер шығару ісінің нақты әрекет жүзінде жүзеге аспай келе жатқанын айтқан еді. Бір күн бұрын Пентагон өкілдері АҚШ әскерлері Сүрияда қалатынын жария етті. Бұл турлы «Шинхуаның» ресми сайты хабарлады.
Пентагон мәлімдемешісі сөзінде: «Ресейдің Сүриядан әскерлерін шығару шешімі, нақты іс жүзінде орындалып отырған жоқ. Сондықтан АҚШ-тың Сүриядағы әскери қадамдарына әсер етпейді», – деді. АҚШ лауазымдыларының бірі: «Путин әскерлерін символдық тұрғыда ғана шығаруы мүмкін. Ол тек кейбір әскери күштерін ғана Сүриядан алып кетіп, Құрама Штат әскерлерінің сол елден кетуін талап етпек», – деген пікірін айтқан.
Өткен аптада АҚШ қорғаныс күштері жариялаған мәліметте, АҚШ әскерлері қажетті жағдайда Сүрияда қалатынын, «ИМ» террорлық тобына қарсы күресті жалғастыратынын, «жиһадшылардың» қайта бас көтере алмайтынына көз жеткізгенге дейін ондағы әскери қадамдардың жалғасатынын айтқан еді.
Пентагон мәлімдемешісі Адриан Ранкин сөзінде: «Коалиция күштері елдегі күресті жалғастыра береді. Жергілікті қарулы күштердің терроризмге қарсы күресіне қолдау көрсетіп, «ИМ» күштеріне қарсы күреседі. Террорлық топтардан тазартылған аймақтағы тұрғындарды қорғап, босқындарды мекендеріне қайтаратын болады», – деді.