Араб мемлекеттері Одағына мүше елдердің Каирдегі басқосуында Сауд Арабиясы Ливандағы шииттік қозғалыс "Хезболланы" қақтығыс ошақтарына қару жеткізіп, терроризмнің белең алуына себепкер болып отыр деп айыптады. Өз кезегінде "Хезболла" ұйымының басшысы Хасан Насралла Сауд Арабиясының мәлімдемесін "ақылға қонымсыз" деп бағалап, өздерінің "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күресін ерекше атап өтті.
"Хезболла" ұйымының басшысы Хасан Насралла Йемен, Бахрейн, Кувйет пен Ирак сияқты қақтығыс ошақтарының бірде-біріне қару жеткізбегенін айтады. Осыған дейін Сауд Арабиясы Хезболлалықтарды Эр-Риядқа қарсы атылған баллистикалық қару үшін айыптаған еді. Ұйым мүшелері бұл кінәні да мойындарына алудан бас тартты.
Хезболла ұйымы Сүрияда Башар Асад Үкіметіне қолдау көрсетіп, терроршыларға қарсы күрес жүргізіп отыр. Олардың жарты әскері сондай-ақ Ирак жерінде де "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының көзін жою үшін күш салып жатыр. Хасан Насралла Ирактағы соңғы қала жихадшылар қолынан азат етілгеннен кейін, өз әскерін қайтаруды жоспарлап отырғанын жеткізді. "Енді Ирактың терроризмге қарсы күрестегі жеңісін ресми түрде жариялауын күту ғана қалды" деген Насралла осы мысалдың өзі Сауд Арабиясының негізсіз айыптауларын жоққа шығаратынын айтады.