Испаниядағы Каталония автономиялы аймағының Парламенті біржақты тәуелсіздік жариялады. Дегенмен, 1 қазан күні Каталонияда өткен тәуелсіздік жөніндегі рефрендумнан кейін Испания билігі мен Каталония арасындағы дағдарыс арта түсті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Кеше Испанияның Сенаты Каталонияның автономиялық статусын алып тастау ісін дауысқа салды. Испания Конституциясының 155-ші бабына сәйкес дауысқа салынғаннан кейін, корольдік билік жағынан бүгін, 28 қазан күні Каталонияның автономиялық статусы жойылмақ.
Бұл шешімге қарсылық көрсету үшін Каталония билігі Барселонада бас қосты. Каталония жетекшілерінің Сенатқа жазған хатында автономия дәрежесінің алынып тасталуы үлкен саяси дағдарысқа алып келетіні айтылған. Испания мен Каталония билігінің арасындағы дағдарыстан кейін, Каталония біржақты тәуелсіздігін жариялады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр