АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Ақүйдегі қызметі аяқталар алдында өткізген соңғы баспасөз мәсілихатында: «Уашингтонның Мәскеуге қарсы санкцияларының негізгі себебі Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты»,- деген уәж айтты.
Обама: «Владимир Путин РФ-ның президенті болып сайланғаннан кейін АҚШ-қа қарсы саясат ұстанды. Оның Қырым түбегін өз еліне қосып алуы мен Украинадағы қақтығыстарды қолдау әрекеті Уашингтонның Мәскеумен арадағы қарым-қатынасының нашарлауына соқтырды»,- деп мәлімдеді. Бұл туралы «Фарс» ақпарат агентігі CNN ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Обаманың Уашингтон мен Мәскеу арасындағы қатынастардың Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты бұзылуы жайлы уәждері, АҚШ пен оның одақтастарының шиеленісті саясаттары, соның ішінде Солтүстік Антлантикалық келісім ұйымының (НАТО) шығыста, Ресей шекарасына жақын аймақта әскери ықпалының артуы мен Сүриядағы жағдай бойынша қатынастардың шиеленіскен тұсында айтылып отыр.
Сонымен қатар, Барак Обама сионистік режимнің негізгі қолдаушыларының бірі ретінде, өзінің соңғы президенттік ақпарат отырысында, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампқа ескерту жасап, Палестинадағы басып алынған жерлердегі шиеленіскен жағдай мен Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды Израиль үшін дағдарысты деп атады.
«The Qazaq Times»