Аутстрияда Парламенттік сайлау аяқталды. Азаматтары 16 жастан бастап дауыс беру құқығына ие мемлекетте сайлауға 8,7 млн халықтың 6,4 млн қатысты. Сайлау қорытындылары толық белгілі болмаса да, оның алғашқы нәтижелері мен жеңімпаздар туралы болжамдар жарық көріп үлгерді. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Алдын-ала болжамдар бойынша, 31 жастағы Себастьян Курц басқаратын Консервативті Халықтық Партия 31,5 пайыз дауыспен алдыңғы орында тұр. Онан кейінгі кезекке 27,1 пайыз дауыспен Социал-Демократиялық Партия тұрақтаса, оң қанаттағы Еркіндік Партиясы - үшінші орында.
Аустриядағы парламенттік сайлау мерзімінен бір жыл бұрын өткізілді. Оған себеп - Консервативті Халықтық Партия мен Социал-Демократиялық Партия одағының ыдырауы. Енді сарапшылардың пікірінше, жаңа одақтас байланыстар Консервативті Халықтық Партия мен Еркіндік Партиясы арасында орнайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі