Мексиканың Сыртқы істер министрі Luis Videgaray сәрсенбі күні хабарлама жариялап, «Егер АҚШ президенті Трамп Солтүстік Американың еркін сауда туралы келісімінде (Nafta деп аталатын) келіссөздер барысында АҚШ-ты келісімнен шығаратын болса, Мексика келіссөздер үстелінен шығып кетеді» деп ескерткен. Бұл туралы АҚШ-тағы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлады.
Уашингтонның шенеуніктерімен болған келіссөзден кейін, Мексика СІМ басшысы тілшілерді қабылдап, Мексиканың «Nafta» келісімінде АҚШ және Канадамен келісімді қайта қарауды жалғастырып жатқанын айтты. Журналистердің бірі: «Президент Трамптың «Nafta» келісімін тоқтату мүмкіндігі бар ма? Егер мұндай жағдай болса да Мексика келісімді жалғастыра бере ме?» деген сұрақ қойды. Оған Videgaray бірден кесіп айтып: «Жоқ, егер Трамп АҚШ-тың келісімнен алып шығатын болса, Мексика да келіссөз үстелінен шығып кетеді», – деп жауап берді. Әрі Мексиканың аталған келісімді тоқтату аса бір өміршең болмаған шешім деп қарайтынын да айтып өтті.
«Nafta» келіссөздерінің бірінші отырысы осы айдың басында Уашингтонда болып өтті. Екіншісі отырысы бүгін Мексиканың орталық қаласы Мексикада басталады. Сәрсенбі күнгі мәліметінде Трамп аталған келісімді сынға алды. Алайда келіссөздер әлі де жалғасын табуда. Солтүстік Америка еркін сауда келісімі Трамп алғаш билікке келген кезде көбірек қолдайтынын айтқан келісімдердің бірі болатын.