Ресейдің бұрынғы Экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев осы сәрсенбіде өзінің пара алу оқиғасын "Роснефть басшысы Игорь Сечин мен Федералды қауіпсіздік қызметі бірігіп, қолдан ұйымдастырған деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі жазды.
Алексей Улюкаев 2016 жылы 15 қарашада қызметінен босатылып, "Роснефть" компаниясы өкілдерінен 2 млн АҚШ доллары көлемінде пара сұрағаны үшін жауапкершілікке тартылып еді.
"Маған қарсы объективті дәлелдер әлі ұсынылған жоқ. Мұның бәрі қолдан ұйымдастырылған", - деді ол.
Ол "Роснефть" компаниясының басшысы Игорь Сечиннің жұмыс бөлмесінде тұтқындалған болатын. Бұрынғы министр өзіне қарсы Федералды қауіпсіздік қызметі мен "Роснефть" компаниясының бірігіп құрған тұзағына байқаусызда түсіп қалғанын айтады.
Reuters ақпараттық агенттігінің осы мәлімдемеге қатысты "Роснефть" компаниясы басшылығының пікірін сұрап жолдаған хаты жауапсыз қалды. Ал Алексей Улюкаев ісін назардан қалдырмай күнделікті жазып отырған Ресей басылымдары "Роснефть" өкілдері: "Алексей Улюкаевқа қарсы іс қозғаған біз емес, мемлекет. Сондықтан бізге қандай да бір сұрақтар қою не айыптау орынсыз" дегенін жазды.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау