Польша билігі Смоленск апатын зерттеуде Ресеймен бірлесіп жұмыс істеу мүмкін емес деп мәлімеді.
Польша Сыртқы істер министрі Витольд Ващиковский РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында: «7 жыл болды біз Ресейден Смоленск апаты жайындағы құжаттар мен ұшақ қалдықтарын ала алмай келеміз. РФ құқық қорғау органдарынан апатқа байланысты қандай да бір ақпарат алу мүмкін емес. Бұл Мәскеу мен Варшва қарым-қатынасына әсер етеді» - деді.
Бұған дейін Смоленск апатына байланысты Польша Ресейді халықаралық Гаага сотына береді деген ақпарат тараған болатын.
Естеріңізге салайық, 2010 жылдың 10 сәуірінде Смоленск маңында Польша президенті Лех Качиньский мінген Ту-154 ұшағы апатқа ұшырап, 96 адам көз жұмған болатын.