Қаңтар айында өтетін дәстүрлі «CES 2017» технологиялық көрмесіне қойылған үш экранды ойынға арналған ноутбуктер ұрланды», – деп хабарлайды BBC News.
Бұл ноутбуктардың екі прототиптік моделі Лас Вегастағы CES 2017 технологиялық көрмесінде ұсынылған. Razer компаниясының өнімі – орта экранның қос қапталынан шығатын (автоматты механизмге негізделген) екі экраны ( 4К) бар ойынға арналған ноутбук болатын. Үш экраны да 17in (43см) көлемінде.
Razer-дің айтуы бойынша, ноутбуктар көрмедегі стендте ілулі тұрған жерінен қолды болған. Атқарушы директор Мин-Лян-Тан бұл «аса маңызды» мәселе екендігін жеткізді. Себебі, бұл тауарлардың әрқайсына $ 25,000 (£ 20,600) қаражат ұсынылған.
«Біздің команда аталмыш жобаны жүзеге асыру мен оны дамыту үшін айлап еңбек етті. Бұл әрекет – дұрыс емес. Ұрлық жасағысы келген адам аса қатты ақылды адам емес екендігі – анық», – дейді Тан мырза Facebook-тегі парақшасында.
"The Qazaq Times"


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі