Киімді өзі кептіріп, үтіктеп, реттейтін ғажайып-машина ойлап табылды
Өмірімізді жеңілдететін гаджеттер ойлап тауып жатқан компаниялар күн санап таң қалдыруда. Десе де, біз сөз еткелі отырған машинаны көрген кездегі таң қалысымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұдан былай адам баласы киім-кешектерін үтіктеп, бүктемейді. Енді, оны FoldiMate жасайды.
Бұл иновациялық өнертабысты Сан-Францискодағы Израилдік талантты инженерлер – Галь Розов, Омер Эйнав және Ицхак Орбах ойлап тапқан.
Бұл ғажайып-машина не істейді? Өте оңай: ол киімдеріңізді кептіреді, үтіктейді және рет-ретімен бүктеп береді. Ол үшін 10-15 киіміңізді FoldiMate-ке қойсаңыз болғаны. Шамамен 1 минут уақыт көлемінде көз алдыңызда сол заттарыңыз мінсіз (үтіктелген, бүктелген) қалпында тұрады.
Аталмыш өнертабыстың алғашқы тұтынушылары болмақ ниетпен бірнеше адам тапсырыс та берген. Оларға бұл тауар жыл басында жеткізіледі. Бұндай құралды сатып алу үшін қалтаңыздан 700-800 АҚШ доллар қаражат кетеді. Бірақ бұл тиімді инвестиция, өйткені қолдың күшін және уақытыңызды үнемдейсіз.
FoldiMate қалай жұмыс істейді? Барлығы конвейерлік ленталар мен бірнеше роботталған манипуляторлар арқылы. Сіздің киімдеріңіз ыстық парға салынады және арнайы «робо-қолдармен» бүктелетін болады. Сонымен қатар, киімдеріңізге жұпар иіс беру үшін, арнайы капсулаларды алып қоюяйыңызға да болады.
Ал мынау видео ғажайып-машинканың қалай жұмыс істейтінін айшықтап көрсетеді.
Гүлім Рысқұл
"The Qazaq Times"