Сауд Арабиясының королі Салман бен Абдул-Азиз Аль Саудт ұлы Мұхаммад бен Салманның мүддесі үшін қыркүйек айында тақтан кетуі мүмкін – деп хабарлады "Фарс" ақпараттық агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Хабарламада Сауд Арабиясы королінің аппаратындағы бір куәгердің, Малек Салманның осы айдағы мәлімдемесінде биліктің ұлына берілетінін жариялағаны туралы айтылған.
Осыдан бір ай бұрын Сауд Арабиясының королі бұйрық шығарып, негізгі тақ мұрагері Мұхаммад бен Наифты орнынан алып тастап, өз ұлы Мұхаммад бен Салманды жаңа тақ мұрагері және өзінің орынбасары ретінде тағайындаған болатын.
Өзіне жасалған қысымның салдарынан тақ мұрагері болудан бас тартуға мәжбүр болған Мұхаммад бен Наиф бұл күнде үй қамауына алынған.